Экологияны жақсарту бағытындағы іс-шараларды оң бағалады

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен, ҮЕҰ және қоғам өкілдерімен кездесті,-деп жазды «Шымкент келбеті» газеті.

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да өткен жиында азаматтардың мәселелерін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Орман шаруашылығы саласында Президенттің елді мекендерге 15 млн. ағаш отырғызу бастамасы аясында өткен жылы 200 мың ағаш отырғызылғантын. Биыл қалада 121 мың түп тал егу жоспарлануда. Вице-министр қалада экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы іс-шараларды оң бағалады.

Басқосуда қала тұрғындары бұрынғы Фосфор зауытының қалдықтарын залалсыздандыру, қалада сапалы оттегіні көбейту, карьерлердің жұмысын қадағалау, өндіріс орындарынан шығатын қалдықтар мәселесін көтеріп, ұсыныстарын айтты.

Н.Шәрбиев министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, азаматтардың сауалдарына жауап берді.

– Қаланың экологиялық проблемаларын кешенді шешудің жол картасында 29 іс-шара көзделген. Бүгінгі күні соның 12-сі орындалды. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді орындау кезеңі бар 6 іс-шара бар. Қаланың экологиялық ахуалын жақсарту бағытында жыл басынан бері 65 мың түп көшет отырғызылды. Жасыл екпелерді түгендеу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Жалпы жергілікті халықтың мүддесін қорғайтын шешімдер қабылдау кезінде азаматтардың пікірін ескеру маңызды. Бүгін айтылған мәселелер толық зерделеніп, тиісті шешімдер қабылданады, – деді Нұркен Қожамұратұлы.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында магистральды көшелердегі жасыл екпелерді түгендеу жұмыстары жүргізілген болатын. Яғни, жасыл екпелердің санын, жай-күйін анықтайтын автоматтандырылған жүйе әзірленді. Инвесторлар есебінен жүзеге асырылған ақпараттық жүйе арқылы екпелердің түрі, диаметрі, биіктігі, жай-күйі зерделенеді. Осы арқылы 2022, 2023, 2024 жылдардағы ағаштардың тізбесі көрінеді.

2023 жылғы наурызда Шымкент қаласы үшін «Жол картасы» қайта бекітілген еді. Өтініштерді талдау негізінде халықтың Қошқарата, Қарасу өзендерінің нөсер суларымен ластануы, сондай-ақ өзендердің күзет аймақтарында тығыз құрылыс салу мәселесі толғандыратынын көрсетті.

Сонымен қатар, қаланың кейбір шағынаудандарында жеке үй құрылыстарында орталық кәріз жүйесінің болмауына байланысты тұрмыстық ағынды сулар жер асты және жер үсті суларын ластайтын шұңқырларға төгіледі. Осыған байланысты, шалғай аудандарда кәріз жүйесін салу зерделеуді қажет етеді.

Бүгінде Шымкент қаласы бойынша халықты қоқыс жинау және тасымалдау қызметтерімен қамту 98%-ды құрап отыр. Қалада қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға арналған 1 полигон бар. Ол экологиялық және санитарлық талаптар мен нормаларға толық сәйкес келеді. Вице-министр қазіргі уақытта ғарыш мониторингі аясында қала аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталмағанын айтты.

Сонымен қатар, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі жұмыс сапары аясында бірқатар нысандарды аралап, азаматтарды жеке қабылдады.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...