© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында мақтаның 90 пайызы терілді (видео)

Түркістан облысында биыл 125,8 мың га алқапқа мақта дақылы егілді. Қазіргі таңда терім науқанының 90 пайызы орындалып, 298,7 мың тонна шитті мақта жиналды, деп хабарлайды Xnews Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түсімділігі гектарынан 24,3 центнерді құрап отыр. Жалпы жиналған ақ алтынның тең жартысынан астамы 500-ге жуық комбайнның жұмылдырылуымен терілген.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев аймақтағы мақта терімінің барысымен танысу мақсатында, Кентау қаласындағы Қарашық елді мекенінде орналасқан «Тұран» ШҚ-да болды. Кооперативте тамшылатып суғару технологиясы қолданылған мақтаның егіс алқабында мақта және мақта талшығы өнімдері өндіріледі. Облыс әкімінің орынбасары іссапар барысында сондай-ақ, отбасылық ферманың жай-күйімен танысты.

«Егіс көлеміне әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп, өткен жылмен салыстырғанда шитті мақта бағасының ұлғайғаны байқалады. Нәтижесінде өнімнің тоннасына орташа бағасы 160-165 мың теңгеден қабылдануда. Бұл өз кезегінде мақта дақылын өсірумен айналысатын 15,0 мың агроқұрылымда жұмыспен қамтылған 125 мың адамның әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына оң ықпалын тигізуде»,-деді Ұлан Тәжібаев.

Өңірде мақта өнімділігінен Ордабасы және Мақтаарал аудандары көш бастап тұр. Шитті мақтаны қабылдаумен 18 мақта өңдеу зауыттарының 166 қабылдау бекеттері айналысуда.

Мақта шаруашылығын мемлекеттік қолдау үшін көктемгі және күзгі дала жұмыстарына нарықтағы бағадан литріне арзан бағамен яғни, 16-18 теңгеден 76,2 мың тонна жанар-жағар май босатылды.

Сонымен қатар, 30 мың агроқұрылымға минералды тыңайтқыштар мен зиянкестерге қарсы қолданылатын биоагенттердің 50 пайыз шығындары субсидияланып, мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Бұдан бөлек, құны 6,0 млрд. Теңгені құрайтын 891 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, 1,2 млрд. Теңге инвестициялық субсидия төленді.

© NAR TV

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...