Түркістан қаласының аймағы ну орманға айналады

Қазірде шаһарда жалпы алаңы 101 га құрайтын 24 саябақ, алаң және аллеялар бар. Оның ішінде 70 га жуық аумаққа жайғасқан 13 нысанның құрылысы бір жылда бітті. Жалпы алаңы 30 гектардан асатын 3 нысанның құрылысы қарқынды жүруде. Солардың бірі – дендросаябақ.

Қаладағы құрылыс жұмыстарының барысын бақылаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жасыл алаңдағы жұмыс барысымен танысты. Демалыс аймағындағы құрылысты көтеруге 400 адам жұмылдырылған. Бірегей жобаның жай-жапсарына тоқталған өңір басшысы қаланы жасыл желекке айналдыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

«Көгалдандыру ісі киелі шаһарды жел эрозиясынан сақтап, экологиялық ахуалын тұрақтандыру үшін, ең бастысы қолайлы климат қалыптастыру мақсатында жасалып жатыр. Егілетін ағаштар жергілікті климатқа төзімді болу керек. Газондар өсіріліп, жолаяқтар төселсін. Дендробақты заманауи, ең бастысы халыққа ыңғайлы демалыс кешеніне айналдыруға тиіспіз», — деді Өмірзақ Естайұлы.

Облыс орталығындағы Рухани-мәдени орталықты абаттандыру мақсатында ірі жобалар қолға алынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ «Тұңғыш Президент саябағы», «Қ.А.Ясауи» кесенесі аумағын абаттандыру 4 кезеңмен жүзеге асуда. Қазіргі таңда 1 және 2 кезең бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. Өткен жылы құрылысы басталған Б.Саттарханов даңғылы бойындағы «Желілік саябақ», «Аттракциондар саябағы», «Оқушылар сарайы», «Конгресс орталығы», «Жабық бассейні бар спорт сарайы», «Орталық стадион» және «Қ.А.Ясауи мұражайы», «Драматеатр» ғимараттары шаһардың көрнекті орындарына айналды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...