«Pizza Pitch» IT Startup-тарды қорғау шарасы өтті

Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Turkistan hub «PIZZA PITCH» шарасын өткізді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда Түркістан қаласындағы дамып келе жатқан IT startup-тарының жобалары таныстырылды. Іс-шараға 40-тан астам адам қатысып, 5 жоба қорғалды.

– Бұл шара алдыңғы жылдары да өткен, биылдыққа 1-рет өтіп отыр. Алдағы уакыт қатысушылар санын көбейтіп, ауқымды етіп өткізу қолға алынбақ. Шараға қатысушыларға шектеу жоқ. Оқушылар, студенттер және ересек адамдар да қатыса береді. Бұдан өзге, тағы да іс-шаралар өткізу жоспарлануда. IT саласын өңірде кеңірек насихаттау қажет, – деді басқарма басшысы Марат Айнабек.

Айта кетейік, Түркістан қаласынан Кореялық «WOOSONG» университеттің филиалын ашу жұмыстары басталды. Бұл университеттің ашылуы айрықша кезең болмақ. Өңіріміздің экономикалық дамуына ықпал ететін инновациялық жобаларды құрудың бастамасы. Бұл оқу орны облыс пен Қазақстан жастарына үлкен мүмкіндіктер береді.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...