Үздік жобалар анықталды

Шымкентте бұрынғы балалар темір жолының бойы жаңа серуен алаңына айналады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі «Шымкент келбеті» газетінің сайтына сілтеме жасап.

Осыған орай қала әкімдігі балалар темір жолының 2-станциясы болған аумақтан кофехана ашылатынын айтып, кәсіпкерлер арасында байқау жариялаған еді. Байқауға 17 үміткер кофехана қатысты.

Арнайы құрылған 9 мүшеден тұратын комиссияның отырысында ұсынылған концепциялар егжей-тегжейлі қаралып, дауысқа салынды. Дауыс беру байқаудың негізгі шарттарына негізделді. Нәтижесінде байқау арасында көп дауыс жинаған екі үздік жоба анықталды.

Біріншісі – А.Асқаров атындағы Дендросаябақ маңындағы бұрынғы балалар темір жолының станциясы аумағы бойынша «S.V.U. group» ЖШС-нің концепциясы. Жоба 7 дауыс жинады.

Екіншісі – Қажымұқан атындағы стадион маңындағы бұрынғы балалар темір жолының станциясы аумағы бойынша «Milita group» ЖШС-нің концепциясы. Жоба 6 дауыс жинады.

Жеңімпаз атанған жобалардың артықшылығына тоқталар болсақ. «S.V.U. group» ЖШС-нің концепциясында Темір жол станциясының бастапқы кейіпі сақтала отырып, Дендросаябақта спортпен айналысатын қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы киім ауыстыру орны қаралған. Оған қоса, локомотиві бар (паровоз) пойызға ұқсатылған әр түрлі тематикадағы тамақтану орындары қарастырылған.

Ал, екінші жобада «Milita group» ЖШС ескі вокзалды тематикалық жаңашылдық бағытында құрумен қоса балалар пойызының вагондарын қайта қалпына келтіріп, ішін кафетерий ретінде пайдалануды ұсыған.

Айта кетейік, жеңімпаз атанған қатысушылардың қоғамдық тамақтандыру саласындағы 15 жылдан аса тәжірибесі де ескерілген. Бүгінгі таңда жоғарыдағы аталған нысандарды сенімгерлік басқаруға беру бойынша тиісті құжаттар рәсімделуде.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...