Болашақ аналарды скринингтік тексеруден өткізу жетілдірілді (видео)

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкент қаласында «Бір күндік клиника» орталығы ашылды, деп хабарлайды 24KZ телеарнасы.

Енді болашақ аналар сәбидің саулығына жүктіліктің ерте апталығында көз жеткізіп, толық скринингтік тексеруден аз уақытта өте алады. Аймақтағы әріптесім Нұрсұлтан Мұхамеджан еуропалық стандарт бойынша зертханалық талдаулардың қалай жүргізілетінін көріп қайтты.

Орталықтың биохимиялық зертханасында қан тамырынан алынған анализге талдау жасалады. Мұнда әйел бойына біткен баланың саулығы тексеріліп, небәрі 11-ші апталығында дамуындағы ауытқулар дәл анықталады. Медициналық жаңа құрылғылар скринингтік тексерудің нәтижесін де тез шығарып береді.

Гүлжан Сихымбайқызы, дәрігер-генетик:
— Мұнда «Даун синдромы», «Эдвардс синдромы» және «Патау синдромы» анықталады. 30-40 минуттың ішінде нәтижесін береміз. Бұрын 81 анализді жинап барып қоятын едік.

Сонымен қатар орталыққа эксперттік кластағы ультрадыбыстық зерттеу аппараты алынды. Жыл соңына дейін тағы екеуі жеткізіледі. Ал генетик-дәрігерлер Астанада тәжірибе алмасып, біліктілігін жетілдіріп қайтты.

Гүлбану Сыздықова, қалалық перинаталдық орталығының бас дәрігері:
— Шымкент қаласында жылына 30 мыңнан астам жүкті әйел босанып, балаларын дүниеге әкеледі. Перинаталдық скрининг өткізудің маңызы, осы нәрестелеріміз дүниеге толыққанды дені сау болып келуіне ықпал жасайды.

Елімізде жылына 400 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Статистика бойынша оның 4 мыңдайы туабітті аурумен өмірге келсе, 3% тұқым қуалайтын генетикалық дерттерге душар болады. Сондықтан салалық министрлік: «жүктіліктің ерте апталығында талдауды дұрыс жүргізу маңызды», – деп отыр.

Шакизат Халықова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы:
— Құрсақ ішінде сол диагнозы қойылғанда жеке бейінді мамандар, неонаталды хирургтер кеңес береді. Бұл ақау туғаннан кейін емге көне ме, көнбей ме?

Қалалық перинаталдық орталықта балалар хирургиясына арналған бөлім жұмыс істейді. Нәтижесінде жаңа туған нәрестелердің шетінеуі азайып, өмірге бейімделуі жақсарған. Ал келесі жылдан бастап жүктілік кезінде жасалатын озық операциялар қолға алынбақ.

© 24.kz

x

Check Also

Шымкентте салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді

Шымкент қалалық №2 аурухана перзентханасында 41 жастағы ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді. Бұл – ...

Зелёная балка: 9 семей отметят новоселье в Шымкенте

В Шымкенте активно реализуются проекты по улучшению качества жизни жителей и преображению внешнего облика мегаполиса. В том числе в городе ведётся ...