Жәрмеңкеде мемлекеттік қызмет саласындағы 50 бос жұмыс орны ұсынылды

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ғимаратында мемлекеттік қызмет саласындағы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қала әкімдігі ұйытқы болды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Еңбек мобильділігі орталығына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге 20-дан астам мемлекеттік орган қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Олардың ішінде білім, денсаулық сақтау басқармасы, жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасы, ішкі саясаты және жастар істері жөніндегі басқармасы, аудан әкімдіктері, Мемлекеттік кірістер департаменті, сот әкімшілігі және әділет департаменттері бар.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Аянай Раеваның айтуынша, қалада қазір 48 мемлекеттік органда 1954 штаттық бірлік болса, оның 5 пайызы бос орын.

–Бүгінгі іс-шара арқылы жоғары білімі бар, жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындары мен жас мамандарға мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібін, іріктеу қағидаларын түсіндіріп, бос орындарды таныстырумен бірге, мемлекеттік қызметке тартуды мақсат еттік. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қазір мемлекеттік қызмет барынша ашық, әрі қолжетімді болуы үшін бірқатар кешенді жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, бүгінде мемлекеттік қызметке орналасу үшін арнайы залда тест тапсырып, оның нәтижесін мемлекеттік органдарға жеткізіп, әңгімелесуге барудың қажеті жоқ. Қазір үйде отырып-ақ, http://xn--qyzmet-2of.gov.kz/ порталына электронды қолтаңба арқылы тіркеліп, жеке деректеріңізді енгізіп, бос лауазымға тест тапсыра аласыз. Тіпті, мемлекеттік органға келмей әңгімелесуді де сол жерден жүргізу қарастырылған. Мұндай мүмкіндік арқылы Шымкентте отырып Астана қаласындағы бос лауазымға жұмысқа қабылдануға болады, — деді Аянай Мухитқызы.

Жәрмеңке барысында ЖОО-ның бітіруші студанттері, жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлектері, квазимемлекеттік сектордың және өзге де мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысып, мамандардан кеңес алды. Жалпы, бүгінгі жәрмеңкеде 50-ден астам бос орны ұсынылды.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...