Сайрамда айына 2 млн. дана бетперде өндіретін цех іске қосылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сайрамда айына 2 млн. дана бетперде өндіретін цех іске қосылды

Медициналық бетперде өндіру жобасын «S MEDICAL» ЖШС іске асыруда. Өндіріске қажетті станоктар Қытай елінен сатып алынған. Серіктестік директоры Мәжит Мәуленовтың айтуынша, цех айына 2 млн дана бетперде өндіруге қауқарлы.

Жоба құны 80,4 млн. теңгені құрайды. 30 адамға жаңа жұмыс орны құрылып, қазіргі таңда тәулігіне 80 мың дана бетперде әзірленуде.

«Бұл үлкен жоба аясында бір реттік медициналық-хирургиялық жабдықтарды өндіру жоспарланған. Алайда, кешегі коронавирус пандемиясының бірінші толқында қарапайым масканы табудың өзі қиынға соқты. Сондықтан ең әуелі маска шығаруды қолға алдық», – дейді кәсіпкер.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...