Түркістанда жазғы спорт ойындары басталғалы 1000-ға тарта тұрғын қатысқан — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда жазғы спорт ойындары басталғалы 1000-ға тарта тұрғын қатысқан

Облыс орталығында тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу мақсатында «ЖАЗҒЫ демалыс спортпен» ашық алаң ойындары басталған болатын,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәстүрлі өтетін спорт маусымы 27- мамырда басталып, маусым айының соңына дейін өтеді деп жоспарланған.

Шара басталғалы 1000-ға тарта қала тұрғыны белсенділік танытып, жазғы спорт түрлерінен жарысқа түсті.

Жарыстың ең жас қатысушысы 6 жаста болса, ең үлкені 58 жастағы тұрғын қызықты ойын көрсетті.

Бүгінгі ашық алаң ойындарының кезекті жарыс күнінде 150-ге тарта түркістандық бақ сынады.

Онда қатысушылар белтемірге тартылу, ләңгі тебу, қол күрес сондай- ақ, стритболдан жарысқа түсті.

Айта кетейік, ашық алаң ойындары ертең Яссы секторының Ж.Тәшенов атындағы №23 IT мектеп-лицейі ашық алаңда жалғасады. Онда қатысушылар футбол мен ләңгі тебуден жарысады.

x

Check Also

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым жаңғырады

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Энергетикалық ...

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...