Өтініштердің саны азайып, сипаты өзгеріп келеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Өтініштердің саны азайып, сипаты өзгеріп келеді

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің “Бекзат” секторында тұрғындармен өткен бүгінгі кездесуі барысында өз ризашылығын біл­ді­ргендер де, көкейлеріндегі ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтқандар да, кей мәселелерге қатысты шағымын жеткізгендер де болды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтардың талап-тілегін тыңдаған шаһар басшысы өтініштердің бірде-бірі назардан тыс қалмайтынын баса айтты.

Әкімнің екі жыл бұрын бұл аумақта өткізген алғашқы кездесуімен салыстырғанда өтініштердің са­ны да азайып, азаматтардың арыз­дарында көтерілетін мәсе­ле­лердің сипаты да өзгерген.

Бүгінгі басқосуда тұрғындар емханада дәрігер мамандардың тапшылығын тілге тиек етті. “Бекзат” секторынан “Отырар” шағын ауданына қоғамдық көлік бағытын ашуды, №3, №31А қоғамдық көлік бағыттарын қайта іске қосуды сұрады.

Ғ.Мұстафин мен М.Жұмабаев көшелеріндегі электр желісі мен ауыз су жүйесінің құбырларын жаңарту мәселесі көтеріліп, Қойшыбаев көшесінде мешіттің жанындағы ойын алаңшасына демалатын орын жасақтау ұсынылды.

Сонымен қатар, кәріз жүйесін жүргізу, қосымша аялдамалар, балалар ойын алаңшасын орнату, жолға асфальт төсеу жайы қозғалды.

Нұрбол Әбдісаттарұлы биыл сектор аумағында кәріз жүйесінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқанын, жолдарға асфальт осы жоба аяқталып, бір жыл табиғи тапталу кезеңінен өткеннен соң ғана төселетінін айтып өтті. Әзірге жолдарға тек тас төселетіні түсіндірілді.

Қала әкімі жауапты мамандарға барлық өтініштер бойынша тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізуді, заңдылығын саралап, мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...