Ордабасыда «Шәмші аллеясының» құрылысы басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Ордабасыда «Шәмші аллеясының» құрылысы басталды

Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай Темірлан ауылында Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне «Шәмші аллеясының» құрылысы басталды. Нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Armada Stroy 2020» ЖШС-і мердігер мекемесі аллеяны биыл шілде-тамыз айларында қолданысқа бермек. Онда сазгердің ескерткіші, сахна, орындықтар орнатылатын болады.

Айта кетсек, Шәмші Қалдаяқов — 1930 жылы 15 тамызда Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Оның 300-ге жуық ән мұрасы бар. Бүгінде сазгердің «Ақ сұңқарым», «Ақ бантик», «Қара көз», «Қайықта» секілді әндері жұртшылық арасында кеңінен танымал. Сондай-ақ, жігерлі әрі қуанышпен шырқалатын «Бақыт құшағында», «Менің Қазақстаным», «Бәрінен де сен сұлу», «Теңіз құшағында» әндері ел арасына кең тараған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...