Түркістанда ерекше жастардың өнер туындыларының көрмесі өтті

Шара облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі мен «Шаңырақ» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қолға алынған. Байқаудың мақсаты — ерекше таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту және шығармашылыққа баулу,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Жұпар Бейсенова, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Мереке Айдарша, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі Меруерт Сейсенбекова, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Мұрат Шаханбаев, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі Альмира Нақбаева мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы Ернар Бектаев және БАҚ өкілдері қатысты.

«Байқауға қатысушы жандардың мүмкіндігі шектеулі болса да, жүректерінде тұнған сезім мен өнерге деген сүйіспеншілік бізді тебірентіп, шараның көркін ашты. Байқау болғаннан кейін жеңіліс те, жеңіс те болады. Бар күш-жігерлеріңізді жиып, осы додаға қатысқандарыңыздың өзі үлкен жетістік. Барша өнерпаздарға үлкен алғысымызды білдіреміз, — деді Ернар Бектаев

Аталған шара соңында мүмкіндігі шексіз жандардың туындылары аукционға қойылды. Онда тастармен безендірілген әшекейлер, үкілі сәукеле, сәнді білезіктер, үй макеті, қоржын, тоқыма бұйымдары, гипстен жасалған мүсін, шағын әмияндар, арқан жіптен өрілген себет және тағы да басқа заттар сатылды.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...