Түркістанда 20 жылдық түлектер баспана сыйлады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда 20 жылдық түлектер баспана сыйлады

Түркістан қаласында мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер игі іске мұрындық болды. Бүгін “Бекзат” мөлтек ауданының 1986 жылғы азаматтары жиырма жылдыққа орай баспана сыйлады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған мөлтек ауданның азаматтарына мұндай бастама дәстүрге айналған. Бірнеше жыл қатарынан мұқтаж отбасыларды қуантып, алғысқа бөленіп келеді. Наурыз думан мерекесінде және 25 мамыр күні қарсаңында, жылына 2 рет беріледіі. Бұл – жанашыр жандардың тарапынан тарту етілген 17-ші баспана. Олар 2020 жылы дүниеден өткен достары Жарқынбек Өтеповтің отбасына үй салып берді. Соңғы қоңырау іс-шарасынан соң салтанатты түрде табысталды.

Айта кетейік, бүгін еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Түркістан өңірінің білім ошақтарын биыл 32 мыңнан астам оқушы тәмамдап отыр. Болашаққа нық қадам басқан бітірушілерге мұндай игі істің үлгі болары анық.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...