Шардаралық спортшылар Азия чемпионатында 20 алтын медаль олжалады

Армрестлингтен Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ҚР ұлттық құрама сапында ел намысын қорғаған “Шардара Армспорт” мектебінің спортшылары 20 алтын, 3 күміс, 2 қола медальді жеңіп алды.

Атап айтқанда, жас-жеткіншектер арасында Әмірхан Думан, Бекмұрат Мирас, Назар Заңғар, Алдан Нұрсұлтан, Хали Текжігіт, Сәрсенбай Ердос, Анвар Элдар, Серік Ерсұлтан сынды спортшылар алтын медаль, Мансұр Еркеғали күміс, ал Тыныштық Байғани қола медаль олжалады.

Қыздар арасында Назым Закирова, Ақберген Аманат, Ырысбек Нұрғаным, Сымбат Сәрсенбаева жеңімпаз атанса, Жаңбырбек Назерке ІІ орыннан көрінді.

Жасөспірімдер арасында Есен Мейрамбек, Мелдебек Болат, Мыңжасар Ерзат, Сәрсенбай Жармахан, Сансызбай Ерасыл, Базарбай Асылжан, Патилда Мейрамбек чемпион атанды. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында
+90 келі салмақта Ұлықбек Құралбаев ел намысын абыроймен қорғады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...