«ҮРКЕР — 2020» ұлттық сыйлығының иегерлері марапатталды

Салтанатты жиында 11 номинация бойынша мәртебелі журналистика сыйлығының жеңімпаздары анықталды

72

Нұр-Сұлтанда баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер – 2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, салтанатты жиында 11 номинация бойынша мәртебелі журналистика сыйлығының жеңімпаздары анықталды:

Жылдың үздік фотосуреті:

Сәкен Ділдахмет, Тәуелсіз экологиялық шолушы

Жылдың үздік репортажы:

Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы

Жылдың үздік аналитикалық материалы:

Кайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы

Жылдың үздік журналистік зерттеуі:

Михаил Козачков, «Время» газеті

Жылдың үздік сұхбаты:

Гүлбаршын Сабаева, «Egemen Qazaqstan» газеті

Жылдың үздік танымдық материалы:

Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан ақпараттық агенттігі

Радиостанциядағы үздік жоба:

«Atyray» радиостанциясындағы «Эфирде 102 FM» бағдарламасы

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

TengriNews порталы

Жылдың үздік газеті:

«AQ JOL» газеті

Жылдың үздік журналы:

«Жұлдыз» журналы

Шерхан Мұртаза атындағы Номинация:

Қайнар Олжай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист

Барлық финалистерге Жеңімпаз сертификаты, «Үркер» естелік мүсіні және бір миллион теңге ақшалай сый табысталды.

Көрермендер марапаттау рәсімін тікелей эфирде urker-awards.kz ресми сайтынан көруге мүмкіндік алды.

«Үркер» ұлттық сыйлығы 2017 жылдан бастап, биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Өтінімдер 2020 жылдың 2 қазанынан 5 қарашасына дейін қабылданды. Жалпы, қатысушылардан 470 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстар әділқазылар мүшелерімен таңдалды, олардың құрамына беделді қайраткерлер, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және танымал қазақстандық журналистер кірді.

Ұлттық сыйлықты ұйымдастырушы — Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Іс-шараға «Қазақстан» РТРК мен «Хабар» Агенттігі» АҚ демеушілік жасады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агроөнеркәсіп кешенін кешенді жаңғыртудың жаңа кезеңін таныстырып, саланы қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция тарту ...