Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті

Сауран ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынды комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға комиссия мүшелері және тиісті сала басшылары мен мамандары қатысты. Комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

Жиынның күн тәртібіне сәйкес, аудан көлемінде әйелдердің жұмыссыздығын азайту бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек, әйелдер репродуктивті денсаулығын қорғау туралы: ана мен бала бөлімінің мәселелері туралы емхана басшысының емдеу және профлилактика ісі жөніндегі орынбасары Әсел Қоңырбаева, аудан көлемінде әйелдердің құқық бұзушылық және зорлық зомбылық фактілері бойынша аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Оразалы Қаржаубаев баяндама жасады.

Комиссияның күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта жұмыстарды жандандыру бағытында бірлесе шешім қабылданды. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қорытындылады.

x

Check Also

Сауранда өткен тазалық шарасында 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Сауран ауданы Оранғай ауыл округінде “Таза Қазақстан” эко-жобасының “Жасыл толқын” кезеңі аясында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара Түркістан–Кентау бағытындағы автомобиль ...

Қазығұрт ауданында ауылдарды көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр

Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» республикалық шарасы аясында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылуда. Осы ретте, аудандағы Жаңабазар ауылдық округінде абаттандыру, көгалдандыру мақсатында 300 ...