Байқау жеңімпаздары марапатталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Байқау жеңімпаздары марапатталды

Түркістанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білімгерлері арасындағы кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары анықталды. Нәтижесінде республикалық кезеңге 35 құзыреттілік бойынша 45 студент жолдама алды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтады.

Еліміздің жас мамандарына алған кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін «WorldSkills» қозғалысы тоғыз жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл облыстық кезең 35 құзыреттілік бойынша өтті. Атап айтқанда, «Абилимпикс графикалық дизайн», «Абилимпикс сән технологиясы», «Агрономия», «Аспаз ісі», «CAD инженерлік графикасы», «Бастауыш білім беру», «Бизнеске арналған IТ шешімдері», «Веб технологиялар», «Дәнекерлеу технологиялары» сынды кәсіптік құзыреттіліктер бар.

WorldSkills миссиясы – кәсіптік бағдар беру, кадр даярлау, сарапшылар қоғамдастығын құру және еңбек өнімділігін арттыру, халықаралық стандарттарға негізделген техникалық мамандықтар бойынша жоғары технологиялық өндірістерді кадрлармен қамтамасыз ету механизмдерін қалыптастыру.

Республикалық чемпионаттардан түркістандық жасөспірімдер құралақан оралған емес. Өткен жылдардың нәтижесінде жалпы облыс қоржынында 34 алтын, 19 күміс, 26 қола, 37 айрықша медальон бар.

Дереккөз: «Ońtústik Qazaqstan» газеті

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

«Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» интеллектуалды сайысы өтті

Шымкент қаласында жастар арасында қаржылық сауатты, құқықтық мәдениетті және цифрлық білімді арттыру мақсатында жаңа форматтағы «Quiz жас буын. Қаржы. Digital. ...