Биыл Түркістан облысында 32 306 оқушы мектеп бітіреді

Биыл Түркістан облысында 32306 оқушы 11-сыныпты бітіреді деп күтілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның 1727-сі «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер болса, жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны – 2466. Ал 9-сыныпты 45 416 оқушы бітіреді деп болжануда, оның ішінде негізгі білім туралы «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны – 4540. ҰБТ-ға 27 340 оқушы қатысады.

Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетовтың айтуынша, түлектер ҰБТ-ға тыңғылықты дайындалған.

Тағы бір айта кетерлігі, 1-10 сынып оқушыларына «Білімім – Отаныма» тақырыбындағы Бірыңғай сынып сағаттарын өткізу биылғы 24 мамырға жоспарланса, ал мектеп бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы 25 мамырда өткізіледі.

Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы 1052 мектепте 518 733 оқушы білім алады. Оның ішінде 912 мемлекеттік мектепте – 482 722 оқушы, 140 жекеменшік мектепте 36 057 оқушы оқиды.

x

Check Also

Түркістан қаласына ҚР Президентінің кеңесшісі іссапармен келді

Облыс орталығына ҚР Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова арнайы жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды. Облыс ...

Көгалдандыру бойынша Түркістан мен ҚХР қалалары арасында келісімшарт жасалды

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қаланың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми негізде жетілдіру және тиімді тәжірибе енгізу мақсатында Түркістанның климатына ...