«Өңірдің құнды тарихы – музей жәдігерлері» музейлер шеруі өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

«Өңірдің құнды тарихы – музей жәдігерлері» музейлер шеруі өтті

Бүгін Түркістанда 18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай облыстық «Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен «Өңірдің құнды тарихы – музей жәдігерлері» атты музейлер шеруі өтті. Шараны облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев ашып беріп, музей қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Музейлер шеруіне өңірдегі 11 қорық-мұражай, музейлері қатысты. Атап айтқанда, «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі және соған қарасты Саттар Ерубаев атындағы әдеби-мәдени музей филиалы «Ұлы Дала Елі» орталығына қарасты Нұртас Оңдасынов пен Нәзір Төреқұлов атындағы музей филиалы, Руханият Әбу-Нәсір әл Фараби музейі, «Шәмші үйі» мұражайы, Ордабасы ауданындағы тарихи-өлкетану музейі, Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі қатысты.

Аталған шараға 200-ден аса оқырман, келушілер және қала қонақтары тамашалады. Іс-шара соңында кітапхана директоры Жанат Шардарбекова тарихты сақтаушы музей қызметкерлеріне алғыс білдіріп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Шеруге қатысушы музейлерге алғыс хат табыстап, облыстың бес жылдығына арнайы щығарылған «Бес жыл белестері» кітабын сыйға тартты.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...