Түркістанда «Жас кәсіпкерлер клубы» құрылды

Түркістанда жас кәсіпкерлерден құралған «Жас кәсіпкерлер клубы» атты ұйым өз жұмысын бастады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Клубтың алғашқы отырысына облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбеков, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев және рухани астананың белсенді кәсіпкерлері қатысты.

Клубтың негізгі мақсаты – кәсіпкерлік бастамасы бар жастармен кездесу, жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттау және қолдау, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара әрекетін үйлестіру. Кеңес мүшелеріне бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, алдағы уақытта көтерілетін мәселелердің оңтайлы шешілуіне және кәсіпкерлік саланы барынша дамытуға атсалысуға келісті.

«Өңірімізде 200 000-нан астам кәсіпкер бар болса, соның ішінде 70 000-ға жуығы 35 жасқа толмаған жас кәсіпкерлер. Яғни, кәсіпкерлердің үштен бір бөлігі жастар. Бұл дегеніміз жас кәсіпкерлердің үлесі көп, тиісінше мәселелері мен ұсыныстары да көп болады деген сөз. Осы және өзге де жағдайларды ескере отырып, «Жас кәсіпкерлер клубын» ашуды жөн көрдік», — деді Ербол Асфандиярұлы.

Жиында шаһар басшысының орынбасары Мекенхан Қозыханұлы Түркі әлемінің туристік астанасы атанған Түркістан қаласының атына лайық болуына кәсіпкерлердің орны мен рөлі айрықша маңызға ие екендігіне тоқталды. Сондай-ақ, жас кәсіпкерлердің еселі еңбегін насихаттау бағытында телеарна мен газет-журналдарға жариялау жұмыстарына да баса көңіл бөлу керектігін атап өтті.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...