Тоғыз мәселеге түйін қойылды (видео)

Бірінші Мамырдан бастап шымкенттік балалар қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Бұл игі бастама еліміз бойынша тек үшінші мегаполисте жүзеге асып жатыр. Қала әкімі мұрындық болып баланы да ата-ананы да қуантып отыр. Ал енді тасымал компания өкілдері балаларды көрсе аялдаманы айналып өтіп жүрмейме деген сұрақ көпті мазалауда? Автобустардың жүріс тұрысы назарда болама? Бұл мәселеге сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он бесінші сессиясында нүкте қойылды. Жиында бұдан бөлек тағы 8 мәселе талқыланып шешімдер қабылданды.

Сессияда алғы сөз алған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков әуелі жақсы жаңалығымен бөлісті. Жаңа жобаны жүзеге асуруда мәселе туындамауын сөз етті. Маслихат депутаттарын мегаполисті өркендету жолында ынтымақпен жұмыс істеуге шақырды.

Айтқандай биыл 9-шы мамыр мерекеге орай берілетін жәрдемақы көлеміде өсіп отыр. Бұл ақтолғай жаңалықты да қала әкімі өзі жариялады.

Шымкентте құрылыс жұмыстары қарқынды. 2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 103 жоба немесе 131 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 119 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Жыл санап халық саны артып келе жатқан мегаполисте тұрғын үй құрылысы маңызды. Бүгінгі таңда, құрылысы жүргізіліп жатқан 239,0 мың шаршы метрді құрайтын 2 950 пәтерлі 73 көпқабатты тұрғын үй бой тіктеп жатыр.

Милионды қалада халықты тұрғын үймен қамту мәселесі өзекті. Қазірдің өзінде 51 112 адам үй кезегінде тұр. Оның 1917 жетім балалар санатында, 14 087 көпбалалы отбасы санатында, 17 762 адам халықтың әлеуметтік осал топтары санатында тұр.

Тұрғын үй басқармасында әліде пысықтайтын шаруа көп –деді маслихат төрағасы Бахадыр Нарынбетов. Көпшілік арасында кикілжің туындамауы үшін тұрғын үй кезегі көпшілікке жария түрде болу керектігін сөз етті.

Сессияда жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын дамыту жоспары туралы баяндама тыңдалды. Қалада 33 жеткізу маршруты бар. 7 айналма маршруты 38 магистралды маршрут бар. Былтырдан бастап елдің сұранысы бойынша 8 бағытқа өзгерістер енгізілген.

Маслихат төрағасы балаларды тегін тасымалдау кезінде кедергілер болмау керектігін ескертті. Ақы төлемейді деп тасымал компания өкілдері оқушысы көп аялдамаға тоқтамай кетпейме деген мәселені көтерді. Дегенмен автобустың бағыты қатаң бақылауда болатындығын басқарма басшысы уәж етті.

Сессияда «Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының штат құрылымы туралы» 2021 жылғы 18 наурыздағы №3/27-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы; «Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының есеп комиссиясы туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1/1-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар да талқыланып шешім қабылданда.

© Ońtústik TV

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...