Қаланың өндіріс қуатын арттыратын 14 жоба жыл соңына дейін іске қосылады

Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы іс-шара аясында және өндірісті дамыту үшін 37,5 млрд.теңгеге 21 жоба іске асырылып, 802 жұмыс орнын құру жоспарланған болатын. Қазіргі таңда осы бағдарлама шеңберінде 6,3 млрд.теңгеге 7 жоба іске қосылып, 222 жаңа жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде қалада өндіріс қуатын арттыруға өз үлесін тигізеді.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің онлайн өткен мәжілісіне Премьер-Министрі А.Маминге қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен дағдарысқа қарсы атқарылған іс-шаралар жөнінде баяндады.

  • Карантинге байланысты қаладағы қоғамдық көліктердің қатынау кестелері шектеліп, жолаушылар айналымы өткен жылдың осы кезеңінен 37,2% төмендеді. Шектеулерге қарамай жүк айналым тоқтаған жоқ 98,4% болып отыр. Ал байланыс қызметі 97,1% жетті, -деді қала әкімі.

Мұрат Дүйсенбекұлы Үкімет басшысына қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты бақылауда екенін баяндап, жыл қорытындысымен жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізетінін мәлімдеді.

Шаһарда осы жылдың 9 айында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда инфляция деңгейі 105,7% болған. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар 11 азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу үшін тұрақтандыру қорынан 2,2 млрд. теңге қаралған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...