Жетісайлық жастар жалғызбасты қарияның үй ауласын тазартты

Жетісайлық жастар «Өнегелі ұрпақ» апталығында жалғызбасты қарияның шаңырағында болып, тазалық шараларын жүргізді. Игі шараға аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері мен Жетісай жоғары медициналық колледжінің студенттері қатысты. Атқарылған жұмыстар барысында ауладағы ағаштар шабылып, тұрғын үй айналасы күл-қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, жастар қураған ағаштарды шауып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінде Жетісай ауданында науқан аясында көгалдандыру және тазалық шаралары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Акция басталғалы бері ауданда зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметшілері, жастар, еріктілердің қатысуымен тазалық шаралары қарқынды өтіп жатыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...