«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XL конференциясы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі
© Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XL конференциясы өтті

Конференцияда «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық сайлауалды бағдарламасы ұсынылды. Бағдарламада Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ел экономикасын дамыту және пандемия салдарын жеңілдету арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатын, тұрмыс – тіршілігін жақсартуға бағытталған тапсырмалары мен қаланың даму бағдарламасы негізінде жасалынып отыр.

Сонымен қатар, праймеризде тұрғындардан келіп түскен 685 ұсыныстардың 98 пайызы орындалып, ал, 15 ұсыныс сайлауалды бағдарламаға қосымша енгізіліп отыр.

  • Сайлауалды бағдарламада тұрғындардың сапалы өмір сүруі үшін негізгі мәселелерді түйіндеп, қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуына аса қажет 10 басымдықты анықтадық. Осы сайлауалды бағдарламаны орындап, іске асырылуына баршамыз бір кісідей атсалысуымыз қажет. «Nur Otan» партиясы қашан да берген уәделерін нақты орындап келген. Қаланың дамуына бағытталған бұл бағдарлама Сіздердің қолдауларыңызбен толық жүзеге асады деп, кәміл сенемін! — деді «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасы Мұрат Әйтенов

Конференция барысында сайлауалды бағдарлама делегаттар тарапынан қолдау тауып, бірауыздан мақұлданды.

Айта кетейік, қазір Шымкент қаласында 30 мыңна астам партия мүшесі бар. Олар 46 бастауыш партия ұйымдарына біріктірілген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...

Құрылтай сайлауы – білімді ұлт қалыптастыруға негіз болатын маңызды қадам

Елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың басты мақсаты мемлекеттік басқару жүйесін заман талабына бейімдеу және қоғамның барлық тобының пікірін шешім қабылдау ...