Сайрамда ауыл тұрғындары қарт ананың ауласын абаттандыруға атсалысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Сайрамда ауыл тұрғындары қарт ананың ауласын абаттандыруға атсалысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығында Сайрам ауданына қарасты елді мекендер белсенділік танытуда. Манкент ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері де игі шараға қол ұшын созып, тазалық жұмыстарына атсалысты.

Тазалық шарасы барысында ауылдық округ әкімдігі мамандары мен қоғамдық жұмысшылар Манкент ауылы, Жаңа шахар көшесінің тұрғыны Рухсар Маккамбаева есімді 94 жасар тыл ардагерінің үйіне барды. Қарт ананың ауласындағы арам шөптерді жұлып, талдарды әктеді. Сондай-ақ, қураған ағаштарды қырқып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Үйіне келіп көмек қолын созған ауыл тұрғындарына қария ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...