Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берді, деп хабарлайды Xnews Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің айтуынша, экономикадағы өсім 105 пайызды құрады. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында да оң көрсеткіштер байқалады. Өңірге тартылған инвестиция көлемі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 66 пайызға жетіп, құрылыс қарқыны 65 пайызға артқан.

Өмірзақ Шөкеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа агроөнеркәсіп кешеніндегі бірқатар жобаның іске асырылу барысы, соның ішінде, жаңбырлатып суару технологиясын енгізу жөнінде баяндады.

Сонымен қатар облыс әкімі бөгеттің бұзылуынан кейінгі Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі Президенттің берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтты. Облыс әкімінің мәліметі бойынша, Мырзакент ауылында 386 тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл үйлердің жартысы бюджет есебінен, қалғаны демеушілердің қаражатына салынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Түркістан облысы басшылығының жұмысына оң баға берді. Президент облыстағы эпидемиологиялық ахуалды бақылауды тапсырды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды науқанның ашық әрі заңды түрде жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Ордабасыда Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлікке тағзым ұрпаққа үлгі» атты іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы аудан орталығында жоғары деңгейде аталып өтті. «Ұлы жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты ...

Нұралхан Көшеров ҰОС ардагерінің отбасына арнайы барып құттықтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Сонымен ...