Шардаралық 9 оқушы робототехника бойынша Испаниядағы жарысқа жолдама алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шардаралық 9 оқушы робототехника бойынша Испаниядағы жарысқа жолдама алды

Жуырда Түркия мемлекетінің Анталья қаласында өткен халықаралық “Robotex Turkiye 2024 ” робототехника сайысы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтулы сында Түркістан облысы, Шардара ауданының Мәулен Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының “Shardara team” робототехника командасы Азияның түкпір-түкпірінен келген 34 команданың арасында өткен білім бәйгесінде “Lego Sumo” категориясы бойынша ІІІ орынды қанжығасына байлады.

Информатика пәнінің мұғалімі Маржан Саудабаеваның баптайтын команда Испанияда өтетін жарысқа жолдама алды.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...