© Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» жылының жабылу салтанаты өтеді

Биыл Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы жылы аталып өтілді. Пандемияға байланысты көптеген іс-шаралар онлайн режимде өтті. 21-22 қарашада эстафета Душанбеге беріледі екен.

Бұл жөнінде қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан хабарлады.

  • Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы жылының жабылу салтанатын қалай өткіземіз деп көп ойландық. Бір жағынан эпидталаптар бар, екінші жағынан мәдени іс-шаралар тұр. Онлайн өтсе, қызығы аздау болады, офлайн өтсе, кісі көп жиналып қалады. Соны ескеріп, қалада 5 локацияны таңдап алдық. Біріншісі – поэзия және әдебиет, Абай саябағында екі күн өтеді. Екіншісі- Театр. Арбат алаңында өтеді. Үшіншісі – Музыка. Қаланың бес жеріне пианино орнатылып, музыканттар ойнап отырады. Төртіншісі – бейнелеу өнері Қызғалдақ алаңында ашық аспан астында көрме өтпек. Бесіншісі – Дәстүрлі өнер мен қолөнер шеберлері Бәйдібек би алаңында өнер көрсетеді, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Айта өтсек, барлық іс-шаралар қалалық Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен басқармаға қарасты мәдениет мекемелерінің қатысуымен өткізіледі. Сондай-ақ, Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы жылы аясында ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатқан Ұлы ойшыл Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығымен Шаһарымыздың 2200 жылдығы, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, және ән падишасы атанған Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған айтулы мерекелер ТМД елдері арасында онлайн фестивальге ұласып, қаламыздың мерейін асырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...