Түркістанда әлеуметтік сала қызметкерлері экоакцияға үлес қосты — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда әлеуметтік сала қызметкерлері экоакцияға үлес қосты

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экоакциясының «Жасыл аймақ» апталығы жалғасып жатыр. Облыс орталығындағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұжымы да игі іске қолдау білдіріп, өңірдің жасыл желекке орануына өзіндік үлестерін қосты.

Мамандар шара барысында орталықтың ауласын абаттандырып, ағаш түптерін қопсытты. Сондай-ақ, жайлы орта қалыптастыру мақсатында көпжылдық гүл көшеттерін екті. Орталық мамандары осындай акциялардың жүйелі түрде ұйымдастырылатынын айтып, қала тазалығы мәдениетін қалыптастыруда, табиғатты аялауда шараның берері мол екенін жеткізді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...