Азаматтар қаланы дамытуда ұсыныстарын жеткізді — Xnews — ақпарат агенттігі

Азаматтар қаланы дамытуда ұсыныстарын жеткізді

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қабылдауына жазылған 53 азаматтың мәселесін тыңдап, шешімін қарастырды.

Қабылдау барысында мәдениет, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік мақсатта жер телімін заңдастыру мәселелері көтерілді. Тұрғындар қалада туризм салаларына дамытуға қатысты, білім беруде процестерді автоматтандыруға бағытталған жобаларымен қатар жаңа ескерткіштер орнатуға қатысты бастамаларын ұсынды. Қала басшысы мегаполисті дамытуда ұсыныстарын білдірген азаматтарға алғысын айтып, сала басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. .

Сонымен қатар әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 200-ден аса азаматтың арыз-шағымдарын тыңдап, шешімдерін пысықтады. Ғ.Әбдімәжитұлы азаматтар тарапынан көтерілген әрбір мәселені жіті тыңдап, заң шеңберінде, шұғыл түрде шешім қабылданатынын жеткізді. Сонымен қатар жауаптыларға тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, туындаған мәселелерді шешуде азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын ескеруді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...