© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысындағы карантиндік стационарларда төсек-орындар саны көбейді

Түркістан облысындағы медициналық ұйымдардың карантиндік стационарларында төсек-орындар саны артып, 400-ге жуықтады. Шет мемлекеттерден келген азаматтар коронавирус инфекциясына сынама тапсырып, нәтижесі шыққанға дейін аталмыш орталықтарда уақытша оқшауланады. Шекаралас аудандарда бақылау күшейтілді.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше оқшаулау орталықтары Сарыағаш, Атакент, Кентау қалалары мен Сайрам, Қазығұрт және Келес аудандарында да ашылған. Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына қарасты карантиндік стационар 180-орынға артты.

Соңғы мәлімет бойынша, карантиндік стационарларда облыс бойынша 56 адам дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов шекаралас ауданда орналасқан карантиндік стационарды аралап, медицина қызметкерлерінің індеттің таралуына тосқауыл қою амалдарын пысықтады. Аудандық аурухана зертханасының тәулігіне 500-ге жуық коронавирус инфекциясына сынама алуға мүмкіндігі бар. Таяу уақытта жеке оттегі станциясы іске қосылады. Емдеу мекемесі 2-3 айлық дәрі-дәрмек қоры және жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген.

2020 жылғы 3-ші қараша күнгі дерек бойынша, соңғы үш тәулікте облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдай тіркелмеген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Будущее медицины начинается здесь: Шымкент первым внедряет региональную стратегию здравоохранения

Акимат города Шымкента совместно с Министерством здравоохранения Республики Казахстан и Национальным научным центром развития здравоохранения разработал Программу регионального развития системы ...

Денсаулық сақтау саласын өңірлік дамытудың бағдарламасы

Шымкент қаласының әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен,  денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп Шымкент қаласының «Денсаулық сақтауды өңірлік дамытудың ...