Талапты азаматтар керек — Xnews — ақпарат агенттігі

Талапты азаматтар керек

Өткен айда,  Жастар ресурстық орталығында Өңірлік жастар кадрлық резервіне іріктеу іс-шаралары аясында арнайы жастар форумы өтті. Осыған байланысты Xnews.kz ақпарат агенттігі «Шымкент келбеті» газетінде жарыққа шыққан Тағабай Қасымның мақаласын ұсынады.

Іс-шараға өңірлік кадр комиссиясының мүшелері – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Шәкір Сұлтанхан, қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер, мәдениет, білім, спорт, әлеуметтік қорғау және т.б. сала өкілдері қатысты.

1 наурызда өңірлік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды. Жоба жас басқарушылардың өңірлік пулын қалыптастыру және өңірді дамытуға дарынды жастарды тарту мақсатында қолға алынып отыр. Жиында Шәкір Асылханұлы іріктеу талаптарын, кезеңдерін жан-жақты баяндап, толық мағлұмат берді.

– Өңірлік резервке алынған жастар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналаса алады. Жастар өз еліне, Отанына қызмет етуге дайын болуы керек. Бүгінгі таңда өңірімізде 2000-ға жуық мемлекеттік қызметші бар. Оның ішінде, 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі – 40 пайыз. Кадрлық іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді және үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар ҚР азаматы қатыса алады, – деді Ш.Сұлтанхан.

Қалалық мәслихаттың төрағасы Б.Нарымбетов мемлекеттік қызмет – өте үлкен жауапкершілік екенін, іріктеуге жаңаша идеясы бар, талапты, патриот азаматтар бару керектігін айтты.

Резервке іріктеудің 1-ші кезеңінде – 1-31 наурыз аралығында құжаттар қабылданады. Іріктеу индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, инфрақұрылым, агроөнеркәсіп кешені және жер қатынастары, цифрландыру бағыттарында өтеді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...