Шымкент әуежайы Парижден алғашқы рейсін қабылдады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент әуежайы Парижден алғашқы рейсін қабылдады

Жүк ұшағы Париж бағытынан Шымкент қаласының әуежайына алғаш рет қонды. Әуежай басшылығы экипажды жылы қабылдауды ұйымдастырды.

Париж-Шымкент-Хайнань бағытымен қатынайтын әуе кемесінің техникалық қонуы «FTL airlines» француз жүк тасымалдаушысы арасындағы уағдаластықтар аясында Шымкент әуежайында ұйымдастырылды.

Айта кетейік, алдағы уақытта Шымкентке жүк авиатасымалдарын тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл мегаполистің логистикалық инфрақұрылымын дамытуда маңызды қадам болады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Қазақстанның Еуразиядағы тораптық транзиттік хаб ретінде өз позициясын күшейтіп, толыққанды көліктік-логистикалық державаға айналуға тиіс екеніне тоқталған болатын.

Көлік-логистика саласы елдің экономикалық дамуының локомотивтерінің біріне айналуы қажет.

Шымкенттегі «Сауда-логистикалық орталық» аумағының жоғары жүктемесіне байланысты хабтың жалпы ауданын 92-ден 136,29 гектарға дейін кеңейту туралы шешім қабылданды.

Бүгінгі таңда мұнда жалпы құны 25,2 млрд. теңге болатын 4 инвестициялық жоба іске асырылып, 285 жұмыс орны ашылды.

Қазіргі уақытта жалпы құны 59 млрд. теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаның пулы құрылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...