Шардарада негізгі капиталға 12 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған — Xnews — ақпарат агенттігі
©aigak.kz

Шардарада негізгі капиталға 12 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған

Түркістан облысы Шардара ауданында ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 12 млрд 52,4 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 14,4%-ға артқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Қайрат Жолдыбай мәлімдеді, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оның айтуынша, есепті мерзімде ауданда өндіріс кәсіпорындарында 6 млрд 573,7 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Нәтижесінде өнеркәсіп өнімі көрсеткіші бойынша Шардара ауданы облыста 5-орынды иемденіп отыр.

«Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ауданда 1,5 млрд. теңгеге 4 инвестициялық жоба қолға алынған. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер Т.Жалғасбаевтың балық өңдеу зауытының балықтың майы мен жемін шығару цехтарының құрылысы; «Turan IT» ЖШС-нің блокчейн, дата центр жобасы; Алатау батыр ауылындағы жеке кәсіпкер Б.Сариевтің жем шығару жобасы; Достық ауылындағы «BS Agro Product» ЖШС қауыннан қауын қақ дайындау жобасы. Алғашқы үш жоба биыл жыл соңында іске қосылса, соңғысы келесі жылдың соңында ашылады», — деді Қайрат Жолдыбайұлы.

Бұдан өзге, ағымдағы жылдың 9 айында аудандағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 25 млрд 969,3 млн теңгені құраған. Ал ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі 1млрд 944,6 млн.теңгеге жетті. Қазірге дейін 7 500 га астам жерден 17 362 тонна мақта терілді. Мақта жиын-терім жұмыстары жалғасуда. Шаруаларды қолдау мақсатында күзгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада 3 120 тонна жанар-жағармай бөлінген. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне 10 200 тонна селитра, 950 тонна аммофос, 650 тонна сульфат аммоний, 120 тонна карбамид тасымалданып таратылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...