Семинар онкоурологиялық ауруларды ерте анықтау тақырыбына арналды

Шымкент қалалық денсаулық сақтау баскармасы мен Қазақстан онкоурологтар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен онкологиялық орталықта “Онкоурологиялық аурулардың алдын алу мен диагностикалаудың өзекті маселелері” тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Аталған іс- шарада Онкоурологтар қоғамдык бірлестігінің басшысы Курманов Т.А.,

Қазақстан-Ресей медициналық университетінің профессоры м.ғ.д. Есентаева С.Е, Ұлттық онкология ғылыми зерттеу орталығының маманы Мугалбеков Ш. және орталық мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар тәжірибе алмасу бағытындағы семинарға қаламыздың барлық онколог, уролог дәрігерлері қатысты. Іс шара барысында бүйректің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарға лапароскопиялық бүйрек резекциясы жасалды. Бұл бағыттағы ғылыми-практикалық іс шаралардың қатерлі ісіктерді емдеу мен ерте анықтауда алатын орны зор.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...