Шымкентте биыл 73 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте биыл 73 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі

Мемлекет Басшысының баспанаға мұқтаж жергілікті халықты қолжетімді пәтерлермен қамту бойынша берген тапсырмасы аясында Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс басқармасы тарапынан биыл 239,0 мың шаршы метрді құрайтын 2 950 пәтерлі 73 көпқабатты үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін Тұран шағынауданында 2 үй, Бозарық елдімекенінде 38 үй, Ақжайық шағынауданында 33 үй салынады.

Тұрандағы үйлер мен Бозарықтағы 2 үйдегі арендалық пәтерлер ретінде, ал Бозарықтағы 36 үй мен Ақжайықтағы 33 үй кредиттік пәтерлер ретінде бірқатар санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтарға беріледі.

Биылғы жылы 73 тұрғын үйден 207,6 мың шаршы метрді құрайтын 66 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 2 670 пәтер баспанаға мұқтаж тұрғындарға табысталады. Ал, 31,3 мың шаршы метр құрайтын 260 пәтерлі Ақжайық шағынауданындағы 7 тұрғын үйдің құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Сонымен қатар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1264 пәтер сатып алуға бюджеттен 22,7 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 364 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...