Жаңару күн дендросаябақта көшет отырғызылды

Бүгін 19 наурыз – Жаңару күніне орай, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен А. Асқаров атындағы дендросаябақта тал егу дәстүрі ұйымдастырылды. «Наурыз – жаңару жаршысы» атты іс-шарада сәндік ағаш көшеттері отырғызылды.

Тал егу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, ақ батасын берді.

Мерекелік игі іске Шымкент қаласының мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов және халық қалаулылары арнайы қатысты. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері белсенділік танытты. Бұл ретте ҚХА жанындағы 17 этномәдени бірлестік төрағаларынан бөлек, қоғамдық құрылым мүшелері де үлес қосты.

Бұл күн ел өмірінде елеулі жаңа кезеңнің басталғанын білдіріп отыр. Сондықтан бүгін қала аумағында отырғызылған жаңа көшеттер – Мемлекет дамуындағы жаңа кезеңмен ерекшеленді. Яғни, Жаңару күні барша азаматты ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндеді.

Айта кетейік, ағаш егу шарасына этномәдени бірлестіктердің мүшелері ұлттық киімде келіп, саябақ көркіне мерекелік сипат берді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...

Программа «Таза Қазақстан»: в Шымкенте все больше горожан, заботящихся об экологии

Пока общество не борется с экологическими проблемами, которые беспокоят мир, результаты невелики. Поэтому суть экологических мероприятий в рамках программы «Таза ...