Созақта «Бибі Мариям» кесенесінің аумағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Созақта «Бибі Мариям» кесенесінің аумағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Сұлтанбек Қожанов атындағы Созақ аудандық музейінің ұжымы Шолаққорған ауылындағы «Бибі Мариям» кесенесінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Кесене айналасын тазалап, ағаштарды әктеп қайтты.

«Бибі Мариям» кесенесі Шолаққорғандағы «Өр қақпаның» батыс бөлігінде орналасқан. Басына тұрғызылған ескі кесенесі құлап, орнына жаңадан кесене тұрғызған. Жергілікті халық тұрғызған кесененің ұзындығы 6 метр, ені 5 метр, биіктігі 4,5-5 метр шамасында. Төбесі күмбезденген. Зиярат етушілер ашық тұрған есік алдында отырып құран бағыштайды, ішіне кіріп тәубе етеді, тілек тілейді. Оңтүстік-шығысында емдік қасиетке бай бұлақ бар.

Тарихи деректерге сәйкес Ысқақ баптың екі қызы болған: үлкені – Бибі Гауһар ана, кішісі – осы Бибі Мариям. Теріскей өңіріндегі құдіреті күшті, ең жасы үлкен әулие әйел – Гауһар ана сіңлісі бибі Мәриямның түсіне еніп, жарылқаған екен. Айтқаны дәл келіп бибі Мәриям ана туралы аңыз-әпсаналар мазмұны оны пәктік пен тазалықты, әділдік пен ақиқатты сақтаушы пірі ретінде елге танытады.

Айта кетейік, бұл бағыттағы экологиялық іс-шаралар ұйымдастыру жұмыстары жалғасады. Табиғатты аялау бағытында тиісті мекемелер өз аумағында және мәдени-туристік орындарда тазалық жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...