«Киелі мекен» апталығында Созақта Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді — Xnews — ақпарат агенттігі

«Киелі мекен» апталығында Созақта Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді

Бүгін Түркістан облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округінде «Киелі мекен» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар мен ауылдың белсенді жастары Баба түкті Шашты Әзіз кесенесінің ауласын тазартуға жұмыла кірісті.

Тазалық акциясына арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тарихи-мәдени ескерткіштің ауласына жүргізілген тазалық жұмыстарына қолдау білдіріп, осындай маңызды шараларды тұрақты түрде қоғам болып ұйымдастыру керектігін атап өтті.

Жиналған тұрғындар ауыл қарияларымен бірге кесене ауласына жеміс көшеттерін отырғызды. Қоршаулар мен онда келуші қонақтарға арналған аяқжолдарды және жарықшамдар мен арнайы орындықтарды қалыпқа келтірді. Сонымен қатар кесене аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, ондағы арам шөптер мен қураған ағаш түптері кесілді. Кесене аумағында ұйымдастырылған акцияға 100-ден астам белсенді жас пен ауыл тұрғындары атсалысып, тазалыққа қажетті техникалар жұмылдырылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...