Мектептегі білім мазмұны президенттің «Адал азамат» тұжырымдамасымен байытылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Мектептегі білім мазмұны президенттің «Адал азамат» тұжырымдамасымен байытылады

Қазақстандық мектептерде білім мазмұны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы Қазақстан халқына Жолдауында айтқан «Адал азамат» тұжырымдамасымен байытылады. Бұл туралы Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жаңа жобасынан белгілі болды. 

«Орта білімнің философиялық негізі Әбунасыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд әл-Қашғари, әл-Хорезми, Қожа Ахмет Ясауи сияқты басқа да ағартушы, ойшылдардың мәдени және рухани мұрасынан тұрады», – делінген тұжырымдама жобасында.

Еске салайық, биыл Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қазақстанның болашағын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттауға болатынына тоқталды.

«Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады. Балалар мен жастарды тәрбиелеп, олардың бойына осы озық құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлінуі керек», – деген болатын президент.

Дереккөз: informburo.kz

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...