Қазығұрттықтар «Киелі мекен» апталығын «Кемеқалған» монументін абаттандырудан бастады — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазығұрттықтар «Киелі мекен» апталығын «Кемеқалған» монументін абаттандырудан бастады

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Қазығұрт асуында орналасқан «Кемеқалған» монументінің маңы қоқыстан тазартылды. Онда әрлеу, шөп қырқу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға қазығұрттық жастар мен еріктілер белсене қатысып, киелі мекенді гүлдендіруге үлестерін қосты.

Айта кетейік, Қазығұрт тауының жанында теңіз деңгейінен 910 метр биіктікте орналасқан «Кемеқалған» монументі облыс орталығы Түркістан қаласынан 207 шақырым жерде орналасқан. Жергілікті аңыз бойынша, Нұх пайғамбар Қазығұрт тауына тоқтаған деп адамдар ол маңды «Кемеқалған» деп атайды. Заманауи шеберлер жасаған кеменің көлемі киелі кітаптардағы суреттемеге сәйкес жасалған.

Бүгінде Қарт Қазығұрттың аңызынан сыр шертетін монумент ауданға келген әрбір қонақ пен туристердің естелікке суретке түсетін сүйікті орнына айналып үлгерген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...