Кітапханашылар Гауһар ана кесенесі маңында тазалық жұмыстарын жүргізді — Xnews — ақпарат агенттігі

Кітапханашылар Гауһар ана кесенесі маңында тазалық жұмыстарын жүргізді

Түркістан қаласындағы облыстық «Фараб» кітапханасының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Гауһар ана кесенесінің маңында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, кітапханашылар өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру шараларына белсене қатысуда. «Таза өлке» апталығында да алғашқылардың бірі болып көгалдандыру шараларын атқарған болатын. Өткен апталықта кітапхана ұжымы мекеме ауласында 200 түп гүл егіп, аймақты қоқыстан тазартты.

Айта кетейік, Гауһар ана кесенесі Түркістандағы тарихи құнды ескерткіштердің бірі. Гауһар ана – ұлы ақын, ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің қызы. Тарихи деректерге сүйенсек, ол емшілік қасиеті ерекше жан болған. Әлі күнге дейін ана кесенесінің маңында емдік қасиеттері бар артезиан суы шығатын құдықтар көптеп кездеседі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...