Ордабасылық жастар мен аға буын Республикалық экоакцияға үлестерін қосты

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында аудан жастары аға буынмен бірлесіп игі істі қолға алды. Олар орталық саябақта 100-ден астам ағаш көшетін отырғызды. Шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов акцияда белсенділік танытқан ардагерлер мен жастарға алғысын айтып, тұрғындарды ауданды көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысуға шақырды.

«Таза Қазақстан» акциясының мақсаты — экомәдениетті қалыптастыру, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін қазіргі жастарымыз қоршаған ортаны таза ұстап, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тиіс. Бұл бастама жалғасын табады және аудан тұрғындары көгалдандыру жұмыстарын қолдайды деп сенемін,-деді аудан әкімінің орынбасары.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...