Түркістан қаласының көгалдандыру аумағы 19 460 гектарға ұлғаяды

Түркістан қаласында бүгінгі күні саябақтар саны 32-ге жетті. Бұл саялы орындардың жалпы аумағы 318 гектарды құрайды. Сонымен қатар 15 жасыл алаң, 32 аллея мен гүлзарлар мен гүл өсетін аумақтар рухани астананың ажарын ашып тұр. Бүгінде қалада саябақтар мен скверлер саны артып келеді. Соның бірі – «Бекзат» мөлтек ауданындағы Жаров көшесі бойында жаңа саябақтың құрылысы басталды.

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков құрылысы басталған саябаққа барып, жұмыс барысын бақылады.

Саябақ 3 гектарға орналасады, көгалдандыру аумағы 19 460 шаршы метрді құрайды деп жоспарланған. Қазір мұнда жаяу жүргіншілерге арналған жол төселіп, балалар алаңшасы мен стрит воркауттың негізі қалануда. Тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында мұнда жүгіру жолағы, шағын сахна және автотұрақ қарастырылған.

Сондай-ақ «Бекзат» аумағында 2023 жылы құрылысы басталған А.Навои және Жәңгір хан көшелеріндегі жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысы қарқынды жүруде. Қалаби көшесін 4 жолақты жолға кеңейту жүзеге асырылуда.

«Бекзат» секторында 118 көше, 5 мектеп, 8 балабақша, 1 аурухана, 84 кәсіпкерлік нысан бар. Тұрғын саны 47 мыңнан асады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...