Қазығұртта «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік өтіп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазығұртта «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік өтіп жатыр

Қазығұрт ауданында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудандағы қоғамдық орындарға 27 500 түп көшет мен гүлдер отырғызылды.

Сондай-ақ, аудандағы кәсіпорындар, мекемелер өз аулаларында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырып, тазалық және көктемгі жұмыстарды атқаруда. Экологиялық акцияға аудан тұрғындары, белсенді жастар, мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілер қатысып жатыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...