Кентауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 65 мың түп гүл егіліп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Кентауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 65 мың түп гүл егіліп жатыр

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында Кентау қаласында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Қаланың кіреберіс келбетіне көрік беру мақсатында жерді қопсыту жұмыстары атқарылып, 5 мың дана раушан гүлі отырғызылды. Одан бөлек, 20 мың дана раушан гүлін шаһар көшелеріне, ал аллеялар мен саябақтарға 40 мың дана біржылдық гүлдер отырғызу жоспарлануда.

Сонымен қатар, қаладағы аллеяларды көріктендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда орындықтар мен қоқыс жәшіктерін әрлеу, жарықшамдарды жаңарту, талдарды әктеу жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, саябақтарға шырша, қарағаш көшеттері отырғызылды. Бұдан бөлек, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан 8 500 түп қарағаш көшеттері беріліп, қазіргі таңда «Жасыл аймақ» аймағына отырғызу жұмыстары атқарылуда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...