Созақта «Жасыл белдеу» аумағы 2,7 шақырымға артып, үш мыңнан аса тал егілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Созақта «Жасыл белдеу» аумағы 2,7 шақырымға артып, үш мыңнан аса тал егілді

Созақта аудан көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Санитарлық тазалықты сақтап, аудан аумағын көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері белсенділікпен атсалысты.

150-ге жуық қызметкер «Жасыл белдеу» аумағына жұмылдырылды. Аумақтың көлемі 2,7 шақырымға артып, онда 3000-нан аса көшет егілді. Алдағы уақытта тағы 4000-нан астам тал егіліп, ұлғайған аумақ арнайы шарбақтармен қоршалады.

«Жасыл белдеу» аумағына арнайы барған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков көгалдандыруға қатысты жұмыстардың басында болды. Жауаптыларға егілген тал көшеттерін күтіп-баптауға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, аталған сенбілікте саябақтар, ішкі көшелер мен үлкен жолдардың бойын, әлеуметтік нысандардың аулаларын қоқыс қалдықтарынан тазартып, талдардың түптерін әктеу шаралары да қоса қамтылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...