Түркістан облысында 5 гектар жылыжайдан биыл 1 мың тонна банан өнімі алынбақ — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында 5 гектар жылыжайдан биыл 1 мың тонна банан өнімі алынбақ

Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі «Gen Group Kazakstan» ЖШС-ң жылажай кешені 5,3 га аумаққа банан өсіріп жатыр. Серіктестік иесі Ислам Алиевтың айтуынша, 1-2 ай көлемінде алғашқы өнімнің дәмін татып көруге болады. Түркиялық технологиялар негізінде іске қосылған жылыжайға 7400 түп банан ағаштары былтыр отырғызылған болатын.

Жылына 1 000 тоннаға дейінгі өнім алуды жоспарлап отырған кешенде бүгінде 150 адам жұмыс істейді. Бұл өнім Қазақстанның ішкі нарығын қамтуға бағытталмақ. Бүгінде Сайрам ауданында бананнан бөлек, лимон, құрма сынды экзотикалық жемістер де өнім беріп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...