Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасын мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басшысы Ахметжан Есімов Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Xnews Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан ерекше үлесі мен рөлін атап өтті.

– Бүгін тарихи күн – Елбасымыздың 80 жылдығы. Ол – қазақ халқының ұлы қайраткері, ұлы перзенті. Бүкіл әлем солай деп санайды. Елбасы шын мәнісінде ұлы адам, біз бұл туралы айтуымыз керек. Әрбір халық өзінің көрнекті тұлғаларымен танымал және әрбір халық өзінің тарихи қайраткерлерімен мақтануы керек, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары халықаралық беделін де атап өтті.

– Нұрсұлтан Назарбаев заманауи мемлекет құрды, әлем картасында Қазақстанның шекарасын шегендеді. Бұл туралы біздің Елбасымызға қоңырау шалып, құттықтап жатқан әлемнің барлық көрнекті саясаткерлері айтып жатыр. 80 жас – әр адамның өміріндегі маңызды кезең. Мен Нұрсұлтан Назарбаевқа ұзақ ғұмыр тілеймін. Елбасының алдағы уақытта да біздің халқымызға, мемлекетімізге үлкен пайда әкелетініне сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Осы мерейлі күнді еліміздің әрбір азаматы ерекше көңіл-күймен қарсы алып, ...

Минторг усиливает меры по стабилизации цен на продукты: в регионах расширяют ярмарки

В Министерстве торговли и интеграции РК совместно с заинтересованными государственными органами и акиматами обсудили вопросы ценовой ситуации на социально значимые ...