Жаңару күнінде Түркістан облысы бойынша 80 мыңға жуық ағаш егілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Жаңару күнінде Түркістан облысы бойынша 80 мыңға жуық ағаш егілді

Наурызнама онкүндігіне сәйкес, бүгін 19 наурыз Жаңару мейрамы. Осы ретте Түркістан облысында «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, татулықтың бастауы» деген атпен ағаш егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілді. Жаңару күнінде Түркістан облысы бойынша 80 мыңға жуық көшет егілді.

Наурыз мейрамы қарасыңында облыстың барлық аудан, қалаларында көктемгі ағаш егу дәстүрі жүзеге асырылып, елді мекендерде егілген ағаштардың басым бөлігін терек, қарағаш, үйіңкі, арша, сириялық раушан, шаған сынды жергілікті климатқа бейімделген ағаштар құрайды.

Көшеттер облысқа қарасты 17 аудан, қаланың саябақтары мен гүлзарларға, сонымен бірге елді мекендерді қосатын жол бойлары, мектептер мен орталық көшелерге отырғызылды. Оған қала әкімдіктерінің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жастар, жергілікті тұрғындар белсене қатысты.

Алдағы уақытта облыстың елді мекендерін көгалдандыру жұмыстары жалғасады.

Түркістан облысы әкімінің баспсөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...